Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
50288
Талдықорған қаласының әкімі болып Жетісу облысы әкімінің орынбасары Ернат Бәзіл тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Ернат Бәзіл 1978 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы», «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Базис-А» корпорациясы» ЖШС-де учаске бригадирі болып бастаған. Одан кейін бригадир, учаске бастығы қызметтерін атқарды. Осы жылдары Құрылыс басқармасының жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, бас маман, бөлім бастығы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болды. Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 2023 жылдың ақпан айынан бастап Жетісу облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.  

Серіктес жаңалықтары