Мемлекет басшысы Майра Мұхамедқызын қабылдады

Мемлекет басшысы Майра Мұхамедқызын қабылдады

Мемлекет басшысы Майра Мұхамедқызын қабылдады
ашық дереккөзі
50232
Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында еліміздегі опера өнері мен мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Президентке Шымкентте қалалық опера және балет театрының жаңа ғимаратын салу жоспары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Майра Мұхамедқызы Президентке өңірдегі опера және театр өнерін дамыту жұмыстары, сондай-ақ жас әншілерді, театр және балет әртістерін оқыту ісі жөнінде айтты. Мемлекет басшысы жас таланттарды дайындау, театр репертуарын шетелдік және ұлттық қойылымдармен жаңарту маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Майра Мұхамедқызының көп жылдан бері Қазақстанның мәдениет саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтіп, опера әншісіне шығармашылық табыс тіледі.

Серіктес жаңалықтары