Түркістанға келін болған кәріс қызы ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)

Түркістанға келін болған кәріс қызы ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)

Түркістанға келін болған кәріс қызы ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50989
Кореялық қыз Түркістанға келін болып түсті. Cәкен мен Суджиннің отау құрғанына 2 ай болған деп хабарлады turkystan.kz. Түлкібас ауданы Амангелді ауылындағы қазақ отбасына келін болып түскен кәріс қызы ислам дінін қабылдап, қазақтың салтымен беташар рәсімі өткен.
«Кореяда мен бесінші қабатта, ол екінші қабатта тұрды. Дос бала, оның әйелі бар. Тамақ ішіп отырған кезде бізге келіп, араласып, танысып кеттік. Ары қарай кездесіп жүрдік. 2-3 ай өткеннен кейін анаммен араласып, әпкелеріммен танысты», - дейді кәріс қызын жар еткен Сәкен.
«Түркістан» телеарнасының хабарлауынша, қазір жас келін қазақ тілін үйреніп жүр. Басында Сәкеннің ата-анасы қатты уайымдағанмен, қазір тіл табысып үйренген. Жас келін әзірге сәлемдесіп, ата-енесін шайға шақыруды ғана біледі. Келіндік міндетін атқарып, үлкендердің ақ батасын алып жүр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от TURKISTAN телеарнасы (@turkistantvkz)

Серіктес жаңалықтары