50377
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды
Бұрынғы Мәдениет министрі, Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz Астана қалалық сотына сілтеме жасап.
«2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Төлеевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жариялады», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.Адвокат алаяқтық және ақша беруге итермеледі деген күдікпен ұсталды. А.Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның әйелі пара беруге оқталды деп күдікке ілінді.