Президент бірнеше заңға қол қойды

Президент бірнеше заңға қол қойды

Президент бірнеше заңға қол қойды
ашық дереккөзі
50271
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңнан бөлек, тағы бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент тағы мынадай заңдарға қол қойды: «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына; «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.  

Серіктес жаңалықтары