Алтай өлкесінің астанасы Барнауылда қазақ әні шырқалды

Алтай өлкесінің астанасы Барнауылда қазақ әні шырқалды

Алтай өлкесінің астанасы Барнауылда қазақ әні шырқалды
ашық дереккөзі
50524
Жуырда Алтай өлкесінің Барнауыл қаласында «Тәттімбет» атындағы академиялық  ұлттық аспаптар оркестрінің «Ұлы Дала сазы» атты концерті өтті. Тәттімбет атындағы академиялық оркестр әлемнің 40-тан астам елінде гастрольдік сапарда болып, әлемге танылса да, Барнаулда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар» қорының ұйытқы болуымен бірінші рет өнер көрсетті. Концерттің өтуіне септігі тиген тағы бір ұйым – Алтай өлкесіндегі Қазақ ұлттық автономиясы. Автономия жетекшісі Мұрат Бекмұратовтың айтуынша, ұлттық әуендер бабалар рухын оятады. Бір жарым сағатқа созылған концерттің соңында қандастарымыз «Атамекен» әнін қосыла шырқады.  width=   Тәттімбет атындағы академиялық оркестр мүшелеріне Алтай аймағының губернаторы Виктор Томенко, Алтай аймағының заң шығарушы органының төрағасы Александр Романенко, Барнауыл қаласының әкімі Вячеслав Франк және Барнауыл қалалық думасының төрағасы Галина Александровна ыстық ықыласын білдіріп, арнайы гүл шоғын жіберді. Қазақстан Парламент депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Болат Керімбек және жазушылар Бота Баман, Жәди Шәкенұлы, Кәдірбек Құныпияұлы, журналист Ауыт Мұқибекұлы бар зиялы қауым өкілдері жергілікті тұрғындармен тілдесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады.  width= Концерттің жабылу салтанатында «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы екі ел арасында саяси-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықпен қатар, мәдени-гуманитарлық байланыс жоғары деңгейде екеніне тоқталып, осы концерт те халықтар арасындағы достық қарым-қатынасқа оң септігін тигізеді деп сенім білдірді. Жалпы, «Отандастар» қорының этникалық қазақтармен қатар, кезінде Қазақстанда туып-өскен, кейіннен өз тарихи Отанына оралған бұрынғы отандастармен де жұмыс жүргізуге жауапты ресми мекеме екенін атап өтті.  width= Сондай-ақ қор басшысы Абзал Сапарбекұлы Алтай өлкесіндегі Қазақ ұлттық  автономиясының жетекшісі Мұрат Бекмұратовты Қазақстан Президенті Қасым-Жұмарт Тоқаевтың төс белгісімен және Алғыс хатымен  марапаттады. Сонымен қатар, бірқатар белсенді азаматтарға, атап айтқанда, Жанат Мырзахметұлына, Жанар Сүлейменоваға, Бақытжан Солтанғазиноваға, Аида Бексұлтановаға «Отандастар» қорының Алғыс хаты және «Алғыс» естелік медалі табыс етілді.  width=

Серіктес жаңалықтары