Динара Зәкиева Бейбіт Шүменовтің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Динара Зәкиева Бейбіт Шүменовтің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Динара Зәкиева Бейбіт Шүменовтің әрекетіне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50240
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева боксшы Бейбіт Шүменовтің қоғамда қызу талқыланып жатқан әрекетіне қатысты Ішкі істер министрлігіне жүгінгенін айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ішкі істер министрлігіне қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттігі туралы жүгіндім. Балаға қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейнекадрларда расталады. Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке қосымша түрде тағы бір бап – «Қорқыту» атты ҚР ҚК-нің 115-бабы бойынша тарту қажет деп ойлаймын», - деді Динара Зәкиева.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамаға өзгеріс енгізуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын. Жалпы, кез келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын», - деп сөзін түйіндеді.
Бұған дейін ІІМ Астанадағы сауда орталықтарының бірінде болған бұзақылыққа қатысты тергеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын жазған едік.    

Серіктес жаңалықтары