Ерлер әлде әйелдер: ажырасудан кім көбірек зардап шегеді?

Ерлер әлде әйелдер: ажырасудан кім көбірек зардап шегеді?

Ерлер әлде әйелдер: ажырасудан кім көбірек зардап шегеді?
ашық дереккөзі
50258
Даниялық ғалымдар ажырасудан ер мен әйелдің қайсысы көбірек зардап шегетінін зерттеді. Нәтижесінде, жалғызбасты ерлерде қабыну белгілері жоғары болғаны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz  BMJ-ға сілтеме жасап. Ғалымдар Копенгаген биобанкіндегі 4 835 қатысушының, 48 бен 62 жас аралығындағы ерлер мен әйелдің қан үлгілерін, сондай-ақ еріктілердің ұлттық неке және ажырасу тізіміндегі жалғыз өмір сүрген жылдардағы деректерін талдаған. Алынған деректер жас, дене салмағының индексі, әлеуметтік мәртебе және білім деңгейі, созылмалы аурулар және дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, әртүрлі факторларға негізделген. Нәтижесінде, зерттеушілер жалғызбасты ерлерде қабыну белгісі жоғары екенін анықтады. Сонымен, ажырасудан ерлер көбірек зардап шегетіні белгілі болған.
«Зерттеу біздің болжамымызды растады. Әйелдерге қарағанда, ер адамдар көбіне ажырасқаннан кейін қиын жағдайға тап болады. Әсіресе, бірнеше рет ажырасқан немесе ұзақ жылдар бойы бойдақ жүрген ер адамдар», – деп атап өтті зерттеу авторлары.
Бір қызығы, серігінің болуы немесе болмауы әйелдерге бұлай әсер етпеген.  Бойдақ (соның ішінде ажырасқан) және некеде болғандар арасында қабыну белгілері қалыпты болып шыққан.

Серіктес жаңалықтары