Cуға кеткен екі жасөспірімді құтқарған студентке ректордың гранты табысталды

Cуға кеткен екі жасөспірімді құтқарған студентке ректордың гранты табысталды

Cуға кеткен екі жасөспірімді құтқарған студентке ректордың гранты табысталды
ашық дереккөзі
50296
Cуға кетіп бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалған Ә.Марғұлан университетінің 1 курс студенті Асан Асайыновқа ректордың гранты табысталды, деп хабарлады turkystan.kz. Павлодар облысының басшылығы студентке алғысын білдіріп, сый жасады. Осыдан екі күн бұрын Асан аптап ыстықтан қорғану үшін орталық жағалауға барған. Іле, суға кетіп бара жатқан жасөспірімді көреді де, ойланбастан суға сүңгіп кетеді. Жасыбай жағасында малтуды үйренге өжет жігіт екеуін де жағаға дін аман алып шыққан.  width=
«Мен бастапқыда олар ойнап жатыр екен деп ойладым. Бірақ жағада тұрған жігіттер көмек сұрады. Ойланбастан құтқаруға кірістім. Баланың шашын ұстап шығарғанымда, екіншісі өзімді суға қарай тарта бастады. Мен бұл ісімді ерлік деп санамаймын. Менің орнымда кез келген адам дәл осылай жасайтын еді», - дейді студент.
Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары Асан Асайыновқа 500 мың теңгенің сертификаты мен ноутбук табыстады. Бұдан бөлек, батыр балаға «АMANAT» партиясының облыстық филиалының атынан да ақшалақ сыйлық берілді. Кейіпкеріміз – ұстаздар ордасы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 1 курс студенті. Математика пәні бойынша ақылы негізде білім алады. Осы орайда университет басшылығы қалған 3 жылға ректордың грантын табыстап, адамгершілік қасиетті бойына дарытып тәрбиелеген анасына алғыс білдірді.  

Серіктес жаңалықтары