Қызылордада тұрғын үйден өрт шығып, 8 сиыр өртеніп кетті

Қызылордада тұрғын үйден өрт шығып, 8 сиыр өртеніп кетті

Қызылордада тұрғын үйден өрт шығып, 8 сиыр өртеніп кетті
ашық дереккөзі
50276
Қызылорда қаласында болған өрт бірнеше  тұрғын үйдің ауласына тарап, мал қорада тұрған сегіз сиыр өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Ведомствоның мәліметі бойынша, 14 шілде күні сағат 16:05 шамасында Қызылорда қаласындағы А.Пушкин көшесіндегі 70А тұрғын үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖД-дан 1 техника мен 5 қызметкер барды.
«Оқиға орнына барғанда А.Пушкин көшесі, №70/1 тұрғын үй ауласында шамамен 21 шаршы метр болатын қаңылтырдан салынған сарай, А.Пушкин көшесі, 70/2 тұрғын үйде ауданы 70 шаршы метр болатын төбе жабыны, іші, ауласында орналасқан шамамен 180 шаршы метр болатын 2 қабатты мал қора, Т.Жүргенов көшесі, 69/2 тұрғын үйдің ауласында 9 шаршы метр қаңылтырдан салынған сарай, А.Пушкин көшесі, 70/3 тұрғын үйдің 4×3 шаршы метр болатын шатыр ағаштары жанып жатқаны анықталды. Жедел әрекет ету барысында өрт ошағынан 3 дана 50 литр және 1 дана 27 литр газ баллондары сыртқа шығарылды», – делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Мамандардың айтуынша, өрт сағат 16-дан 49 минут өткенде оқшауланып, артынша сөндірілген. Өрт салдарынан А.Пушкин көшесі, №70/2 тұрғын үйдің ауласындағы мал қораның ішінде 8 сиыр, 3 тауық, 1 ит өртеніп кеткен. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге барлығы 10 техникасымен 45 қызметкер жұмылдырылған. Өрттің шығыны мен себебі анықталып жатыр. ТЖД өкілдері тұрғындардан маусымға орай барынша өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауды сұрайды.          

Серіктес жаңалықтары