Зайнутдинов Ресей суперкубогінде үздік ойынымен көзге түсті

Зайнутдинов Ресей суперкубогінде үздік ойынымен көзге түсті

Зайнутдинов Ресей суперкубогінде үздік ойынымен көзге түсті
ашық дереккөзі
50239
Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдиновты Ресей суперкубогі үшін «Зенит» - ЦСКА матчындағы үздік ойыншылардың бірі деп атады, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Алаңдағы үздіктердің бірі Зайнутдинов болды. Ол өзінің жанасу сызығында Мантуан мен Караваевты қапы қалдырды. Гайичтің соққысына дәл осы қазақстандық қорғаушының әрекеті себеп болды. Бірақ сол эпизодта Кержаков тамаша ойын көрсетті. ЦСКА-ның батылдығы барлығынан көрінді: күресте де, допқа ие болуынан да, алдыңғы шептегі ерекшеліктерден де. Тіпті, Мойзес қауіпті дриблингке түсіп, гол соғуы мүмкін еді. «Зенит» осал болып көрінді - ЦСКА шынымен де оның чемпионаттағы басты қарсыласына айналатын сияқты» деп жазды газет.
Еске салайық, «Зенит» ЦСКА-ны (0:0, пен. - 5:4) жеңіп, Ресей суперкубогінің иегері атанды.

Серіктес жаңалықтары