Бүгін боксшы Санжар Тәшкенбайдың үйлену тойы болады

Бүгін боксшы Санжар Тәшкенбайдың үйлену тойы болады

Бүгін боксшы Санжар Тәшкенбайдың үйлену тойы болады
ашық дереккөзі
50716
Бүгін чемпион Санжар Тәшкенбайдың үйлену тойы болады. Бұл туралы бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді, деп хабарлады  turkystan.kz. Бас бапкер 16  шілдеде Санжар Тәшкенбайдың үйлену тойы болатынын айтты.
«Бапкері екеуі сұранған, емделуге. Дегенмен, барлығымыз пендеміз. Үй мәселесі, тағы басқа тіршіліктер бар дегендей. Жақсы жаңалық естіп жатырмыз, үйленеді деген. Құдалығы, басқасы болып қойған сияқты. Енді, Алла қаласа, 16 шілдеде тойы өтеді екен. Тойына да шақырды. Құрамамен барлығымыз тойға барамыз. Біз бір отбасы сияқтымыз ғой. Әрине, қуанышымызды бірге бөлісеміз, басы-қасында жүреміз», - деді Мырзағали Айтжанов «Спорт министрі» YouTube арнасына берген сұқбатында.
Ал «Санжарды Олимпиадаға қатысатындардың тізімінен сызып тастай беруге бола ма, әлде ерте ме?» деген сұраққа бас бапкер «уақыт көрсетеді» деп жауап берді. Айта кетейік, мамыр айында Ташкентте  өткен бокстан әлем чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Тәшкенбай қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды.    

Серіктес жаңалықтары