Шымкентте 19 жыл бұрынғы қылмысқа қатысты сот басталды

Шымкентте 19 жыл бұрынғы қылмысқа қатысты сот басталды

Шымкентте 19 жыл бұрынғы қылмысқа қатысты сот басталды
ашық дереккөзі
50326
Шымкент қаласында 19 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша сот отырысы басталды. Күдіктілердің бірі биыл наурыз айында ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Сот материалына сәйкес, 2004 жылы Ринат Ғазизов досы Юраға көмектескен. Юра оған жездесі әпкесін ұрып-соғатынын, онымен қоймай өзінің қызына тиіскенін айтқан. Ринат мылтық тауып береді. Ал Юра ішімдік ішіп алып, отырыс ұйымдастырған. Жездесін де шақырады. Сол кезде Ринат оған екі рет оқ атқан. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Екі дос барлық айғақты өртеп, мәйітті даладағы дәретхана шұңқырына тастаған. Үстіне құрылыс қоқыстарын үйіп қойған. Сосын көрші елге қашып кетеді. Ол кезде Ринат 22 жаста, ал Юра 16 жаста болған. Сот отырысы кезінде Ринат Ғазизов өз кінәсін мойындамады. Айыпталушы шынымен қараусыз қалған ғимараттан тапанша алып келгенін айтады. Алайда Юра екі рет оқ атты, дейді сотталушы.
«Мен кінәлі емеспін. Қылмыс жасауға көмектескен де жоқпын. Иә, мылтық әкелгенімді мойындаймын. Бірақ Юра Хоритонов болған жерден кетіп қалдым. Қазақстан аумағынан қашып кеттім. Өйткені менің мылтығыммен адам өлтірді, сол үшін мені соттайды деп қорықтым», - дейді Ғазизов.
Сотталушы 2018 жылы Шымкент қаласына қайтып келген. Оны биыл наурыз айында ұстап, тергеу изоляторына қамады. Ал досы Юра азаматтығын ауыстырып, Башқұртстанда жүр. Прокурор Ринат Ғазизовты 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Күдікті қанша жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізетінін Шымкент мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы шешеді. Алдағы дүйсенбі күні сот осы оқиғаға қатысты үкім шығарады.  

Серіктес жаңалықтары