«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
50210
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың Қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz  Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD докторы. 2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылы Jas Otan партиясын басқарды және президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті. Сондай-ақ, «Нұр-Сұлтан әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Сонымен қатар Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.    

Серіктес жаңалықтары