Серік Күдебаев елден қашқаны үшін сотталды

Серік Күдебаев елден қашқаны үшін сотталды

Серік Күдебаев елден қашқаны үшін сотталды
ашық дереккөзі
50268
Алматы облысының Кеген аудандық соты экс-генерал Серік Күдебаевты Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, жарты жылға бас бостандығынан  айырды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сот Серік Мырзақұлұлы Күдебаевты ҚР Қылмыстық кодексі 395-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға және оған 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім етеді», – деп Кеген аудандық сотының судьясы үкім оқыды.
Сот шешімі негізінде С.Күдебаевқа жалпы мерзімі 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, ол құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды. Серік Күдебаев жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.          

Серіктес жаңалықтары