Талдықорғанда әкімдік қызметкері өзіне қол жұмсады

Талдықорғанда әкімдік қызметкері өзіне қол жұмсады

Талдықорғанда әкімдік қызметкері өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
50374
Жетісу облыстық Қоғамдық даму басқармасы этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің маманы белгісіз себептермен өзіне қол жұмсады, деп хабарлады turkystan.kz. Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Елдар Сапаровтың Zakon.kz-ке айтуынша, марқұм Әбілқайыр Оралов Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. Экс-шенеуніктің өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны белгісіз. Жетісу облысының Полиция департаменті түсініктеме беруден бас тартты. Әбілқайыр Оралов 55 жаста. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп өсірген. Әріптестерінің айтуынша, жұмыста оған қатысты ешқандай дау-дамай, келіспеушілік болмаған. 2023 жылдың қаңтарында Батыс Қазақстан тұрғындары ауыл мектебінің 22 жастағы бастауыш сынып мұғалімі асылып өлді дегенді естіп, таңғалды. Бұл жағдайда туыстары қыздың шарасыз қадамға баруына оның әріптестері себеп болды деп сенген.  

Серіктес жаңалықтары