«Астана» командасының бас бапкері ертеңгі ойынға қатысты болжамын айтты

«Астана» командасының бас бапкері ертеңгі ойынға қатысты болжамын айтты

«Астана» командасының бас бапкері ертеңгі ойынға қатысты болжамын айтты
ашық дереккөзі
50339
19 шілдеде Тбилисиде (Грузия) чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің екінші ойыны өтеді, онда жергілікті «Динамо» өз алаңында «Астананы» қабылдайды. Осыған орай, дәл қазір баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Бұл туралы Turkystan.kz тілшісі Тбилисиден хабарлады.  Баспасөз мәслихатында «Астана» командасының ойыншысы Эльхан Астанов ертеңгі матчта барын салатынын айтты. Оған спорт журналисі Ермұхамед Мәулен «Қаптал арқылы өткір шабуылдар ұйымдастыру үшін ертеңгі матчта қандай әрекеттер керек? Өткен ойында «Динамо» 10 адаммен қорғанды. Оны қалай бұзып-жаруға болады?» деген сұрақ қойды.
«Өткен ойында аз уақыт берілді. Дегенмен оның өзі еңбек болып саналады. Бас бапкерге рақмет. Енді осы ойында тырысамыз. Бірінші мақсат сол», – деді футболшы.
Ал спорт журналисі Нұрғазы Сасаев «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаяннан ертеңгі ойында қазақстандық команданың мүмкіндігі жайлы сұрады.
 «Өткен ойында екі команданың мүмкіндігі елу де елу дедіңіз. Өз алаңымызда болған соң, біздің мүмкіндігіміз жоғары деп ойлап едік. Сіз «жоқ, елу де елу» дедіңіз. Расында, ойын солай аяқталды. Енді қазіргі мүмкіндік қандай?» – деді ол. «Астананың» бас бапкері бұл сұраққа «Екі команданың келесі кезеңге өту мүмкіндігі бірдей. Қазіргі мүмкіндік те елу де елу деп айтар едім», – деп жауап берді.
Айта кетейік, «Динамо Тбилиси» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы ертең, 19 шілдеде Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Еске салайық, командалардың Астанадағы алғашқы ойыны 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. 11-минутта Абат Айымбетов қазақстандықтарды алға шығарса, 57-минутта Габриэль Сигуа таразы басын теңестірді. Егер «Астана» осы екі матчта жеңіске жетсе, чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Загребтің «Динамосымен» кездеседі. Қазақстандық команда ұтылып қалса, конференциялық лигаға жолдама алады, онда екінші айналымда Хамрун Спартанс (Мальта) - Маккаби Хайфа (Израиль) жұбында жеңілген командамен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары