Павлодар тұрғыны «Құқықтық көмек» алғаннан кейін күдіктілерге қылмыстық іс қозғалған

Павлодар тұрғыны «Құқықтық көмек» алғаннан кейін күдіктілерге қылмыстық іс қозғалған

Павлодар тұрғыны «Құқықтық көмек» алғаннан кейін күдіктілерге қылмыстық іс қозғалған
ашық дереккөзі
50216
«AMANAT»  партиясының «Құқықтық көмек» жобасы өңірлерде тұрғындарға көмек беру жұмысын жалғастырып жатыр. Жоба аясында партияның Павлодар облыстық филиалына жүгінген тұрғындардың бірқатар мәселесі шешілді, деп хабарлады  turkystan.kz. Партияның Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына тұрғын Табысбек Қапенов көлік мәселесі бойынша келген. Ол жергілікті орталықтан Hyundai көлігін сатып алған. Бірақ орталық көліктің сатып алынғаны үшін төленген қаржыны растамаса, полиция арызды қабылдамаған. Ашық есік күні аясында партия алаңында өткен қабылдаудан кейін мәселе шешімін тапты. Полиция бөлімшесі арызды қарап, қылмыстық іс тіркелді.
«Павлодардағы орталықтан көлік сатып алған едім. Соның қаржысын төлегенімді растау қиын болды. Алданып қалғанымды кейін білдім. Барсаң, көлікті сен сатып алмағандай қылады. Бұл қалай болғаны? Осы мәселемен біраз жерге бардым. Партияның Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында болып, полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Сот болады. Азаматтар осындай алаяқтыққа бармаса деймін. Осы істің соңына дейін оңынан шешілгенін тілеймін», – дейді Табысбек Қапенов.
Павлодар облысында «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында көмек алғандардың бірі – Қатира Шахарова. Ол кәсіби медиаторлардың көмегі арқылы ол себепсіз шығып қалған жұмысына қайта орналасты.

Серіктес жаңалықтары