90 жастағы бодибилдер Гиннестің рекордтар кітабына енді

90 жастағы бодибилдер Гиннестің рекордтар кітабына енді

90 жастағы бодибилдер Гиннестің рекордтар кітабына енді
ашық дереккөзі
50253
АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны Джим Аррингтон 2015 жылы әлемдегі ең қарт бодибилдер атанған еді. Ол 90 жасында жарысқа қайта қатысып, атағын жаңартты, деп хабарлады turkystan.kz. 83 жасында Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қарт бодибилдер ретінде кірген Джим Аррингтон рекордын жаңартты. Ол Рино қаласында өткен Халықаралық бодибилдинг және фитнес федерациясының кәсіпқой лигасының жарысына қатысты, деп жазды Zakon.kz. Аррингтон 70 жастан асқан ерлер санатында үшінші, ал 80 жастан асқан санатта бірінші орын алды. Спортшының айтуынша, ол 5,5 келі салмақпен дүниеге келген әрі кішкентай кезінде аурушаң болған. Ол жаттығуды 15 жасынан бастаған. Аррингтон әлі күнге дейін аптасына үш рет екі сағат жаттығу залына барады, әлемдік рекордты бұзу «оған мүлде жаңа ғаламды ашқан».    

Серіктес жаңалықтары