Ақмола тұрғыны үйінде 6 келіден астам есірткі сақтаған

Ақмола тұрғыны үйінде 6 келіден астам есірткі сақтаған

Ақмола тұрғыны үйінде 6 келіден астам есірткі сақтаған
ашық дереккөзі
50230
Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлады turkystan.kz. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, шілде айының басында «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 кг 324 гр кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 гр екі гашиш түйіні тәркіленді. Сонымен қатар тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды. Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі «Ірі мөлшерде  есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.  

Серіктес жаңалықтары