Екібастұзда 72 отбасы пәтер кілтін алды – «AMANAT»

Екібастұзда 72 отбасы пәтер кілтін алды – «AMANAT»

Екібастұзда 72 отбасы пәтер кілтін алды – «AMANAT»
ашық дереккөзі
50283
Павлодар облысы Екібастұз қаласында «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында салынған 72 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтін Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко және Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин табыстады.
«AMANAT» партиясы өз үйіне қол жеткізуді армандап жүрген жандардың тілегінің орындалуына мүмкіндік жасайды.  Кеншілер қаласында құрылыс қарқыны өсіп, дамып келеді. Жақын арада 72 пәтерлік тағы бір тұрғын үй жалға беріледі. 2027 жылдың соңына дейін Екібастұзда 528 пәтерлік 8 үйді салу және оны тапсыру жоспарланған», – деді Илья Теренченко.
 width= Баспанаға жетім балалар, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылар ие болды. Жаңа пәтерлер бұл күнді жылдар бойы күткен кезектегі жандарға берілді. 2011 жылдан бері кезекте тұрған Гүлсім Баталова да  өз пәтерінің кілтін алды.
«Бұл менің алғашқы пәтерім. Мұнда ұлыммен тұратын боламын. Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Үйді тезірек тапсыруға көмектескен жандарға алғысымызды білдіреміз», – деді ол.
Айта кетейік, партияның облыстық сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2027 жылдың соңына дейін өңірде 15 мың пәтер салу жоспарланған. Бұдан басқа, тұрғын алаптарда жеке үйлер салу үшін кемінде 1,3 мың жер учаскесі берілетін болады. Алдағы 5 жыл ішінде барлығы 20 мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Серіктес жаңалықтары