Түркістанда тергелушілерді азаптаған 4 полицей сотталды

Түркістанда тергелушілерді азаптаған 4 полицей сотталды

Түркістанда тергелушілерді азаптаған 4 полицей сотталды
ашық дереккөзі
50317
Түркістан облысында тергеуге түскен азаматтарды азаптауға жол берген 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Түркістан облысында кезекші прокурорлардың жұмысы жандандырылып, құқық қорғау органдары ғимаратына кіріп-шығу жағдайына бақылау күшейтілді. Сондай-ақ, прокуратураның ықпалымен құқық қорғау органдары ғимараттарындағы «соқыр аймақтарды» жою бағытында 3 мыңнан аса бейнекамералар орнатылды.
«Кейінгі 6 айда прокуратураға тергеуге түскен азаматтарды азаптауға қатысты 25 арыз тіркелді. Биыл сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл істі арнайы прокурорлар жүргізді», - деді облыс прокуроры.

Серіктес жаңалықтары