Мені нокаутқа түсірсе, қалтамнан 25 мың доллар төлеймін – UFC файтері

Мені нокаутқа түсірсе, қалтамнан 25 мың доллар төлеймін – UFC файтері

Мені нокаутқа түсірсе, қалтамнан 25 мың доллар төлеймін – UFC файтері
ашық дереккөзі
50359
Жартылай орта салмақтағы файтер Хоакин Бакли (16-6) өзін нокаутқа түсіре алған қарсыласына қалтасынан 25 мың доллар беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Vesti.kz жазуынша, ол жекпе-жекке шақырған қарсыластар ішінде қазақстандық Шавкат Рахмонов та (17-0) бар.
«UFC-ден болашағыма қатысты хабар алмадым. Бірақ мен Джек Делла Маддалена, Ян Гарри, Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасқым келеді. Мен тамызда, қыркүйекте айқасқым келеді. Сондықтан бұл жартылай орта салмақтағы файтерлердің бәріне қатысты. Тағы айтарым: егер мені нокаутқа түсіре алса, өз қалтамнан 25 000 мың доллар төлеуге дайынмын», - дейді Бакли Twitter желісіндегі видеоүндеуінде.
 

Серіктес жаңалықтары