Бруцеллез ауруы адамға қалай жұғады?

Бруцеллез ауруы адамға қалай жұғады?

Бруцеллез ауруы адамға қалай жұғады?
ашық дереккөзі
53106
Бруцеллез – адамның (барлық ағзаны зақымдайды) және жануарлардың қауіпті жұқпалы ауруы, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі аурудың алдын алу жолдарын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz. Адам бруцеллезді мынадай жағдайда жұқтыруы мүмкін: - ауру малмен (ұсақ және ірі қара мал, шошқа) және итпен байланыста болған және сойған кезде, оның ішінде тууы кезеңінде. - ауру жануарлардың шикі еті мен сүт өнімдерін қолдану кезінде; - ауру жануарлардың жүні мен терісін өңдеу кезінде. Бруцеллездің белгілері: буындардағы, арқадағы үзіліссіз ауырсыну, күштің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы (ұзақ уақыт), тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, салмақ. Негізгі ескерту шаралары: - жануарларды бруцеллезге тексеріп, мал дәрігеріне ауру және түсік туралы хабарлаңыз; - мал сою және мал бағу кезінде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз, жұмыс киімін қолданыңыз; - балаларды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді малдың тууы кезеңінде жұмысқа тартпаңыз; - даладағы сауда орындарында ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз.  

Серіктес жаңалықтары