Еліміздің қай өңірінде жер сілкіну қаупі жоғары? – Сейсмолог жауап берді

Еліміздің қай өңірінде жер сілкіну қаупі жоғары? – Сейсмолог жауап берді

Еліміздің қай өңірінде жер сілкіну қаупі жоғары? – Сейсмолог жауап берді
ашық дереккөзі
50769
Еліміздің оңтүстік шығыс маңында табиғи, ал батыс жағында жасанды жер сілкінісі болу қаупі жоғары. Бұл туралы сейсмолог, инженер, техника ғылымдарының докторы, профессор Таңатқан Абақанов Jibek joly арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Ғалымның айтуынша, қазір дүниежүзінде жасанды жер сілкінісі көбейген. Ал Қазақстанда мұнай-газ алынып жатқан 200-дей кен орны бар. Сол жердің бәрі қауіпті.
«Қазір кен орны бар, мұнай, газ орны бар. Содан барлығы пайдаланып жатыр. Оның астына су құю керек. Суды ондай қысымдықпен құя ала, құя алмай ма? Мысалы, Жезқазған жақта үлкен үңгірлер пайда болды. Кен орындары. Биіктігі – 20, 30 метр. Бағаналары үлкен. Олар жоғарғыны көтере алмай қалады», – деді сейсмолог.
Таңатқан Абақанов  Табиғи жер сілкінісі оңтүстік шығыс маңында табиғи жер сілкінісі, ал батыс жақта жасанды жер сілнікісі қаупі жоғары екенін атап өтті. Өйткені онда кен, газ, мұнай  орындары бар. Теңізде бірнеше үлкен жер сілкінісі болды. Сол себепті бұл мәселеге көп мән беріп, қадағалау керек. Оның қай кезде, қай маңда болатынын алдын ала біліп отыру қажет. Бірақ оған біздің елде күш жетіңкіремейді. Сейсмолог біздің елде жер сілкінісі болу ықтималдығын зерттейтін құрал-жабдықтар көнергенін айтты.
«Жапонияда 5 мыңдай, Қытайда 4 мыңға жуық, ал Иранда 2 мыңдай сейсмикалық станция бар. Қазақстанда бар-жоғы 200-дің шамасында. Қазақстанның жері менен Жапонияның жерін салыстыруға келмейді. Біздің елімізде осы мәселені көбісі көтере бермейді.  Жапонияда сейсмостанцияны қою біздікінен 10 есе арзан. Сейсмостанцияны далаға қояйық десек халықтың тәрбиесі жетіспейді. Жер сілкіністерінің қай жерде болып жатқаны, қай жарықтан шығып жатқанын зерттеу керек. Сосын сейсмостанциялық орталықтарды жағалай салу керек. Ал біз не істедік? Үш ғалым, мен, марқұм Владимир Щацилов және доктор Тимуш үшеуіміз 10 күн дала кезіп жүрдік. Сосын жанымдағылар сейсмостанцияны қоятын орындарды белгілеп айтты. Олар геолог және геофизиктер. Мен біздің елде ауылдық жерге қоймау керек, оны ертең қиратып кетеді деп айттым. Сосын алдық та, Бетпеқдалаға орнаттық. Жерді қазып, сегіз тонналық үлкен бункер жасап, жердің астына сейсмостанцияны қойып, жерді білдіртпей  жауып, тек қана антеннаны шығарып қойдық. Бұл – осыдан 20 жыл бұрынғы оқиға. Сейсмостанцияның бағасынан бункердің бағасы 10 есе қымбат. Бетпақдалада Өзбекстан, Тәжікстаннан келетін көлік жүргізушілері өтетін жол бар. Сейсмикалық станция үш айдай жұмыс істеді. Сосын трактормен қазып, автогенмен брондалған есігін бұзып, 8 килограмдық сейсмотанция темірін алып, қиратып кеткен. Оның іші толықтай схема. Еш жерге пайдалана алмайды. Бірақ сонда да сындырып, қиратып кеткен. Оны кім қиратты? Әрине, біздің халық», – деді профессор Таңатқан Абақанов.  
   

Серіктес жаңалықтары