Шымкентте пара алған полицейлер сотталды

Шымкентте пара алған полицейлер сотталды

Шымкентте пара алған полицейлер сотталды
ашық дереккөзі
50280
Шымкент қаласында Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшылары жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ.Әлімханов пен 8-рота командирі Н.Мырзалиевке қатысты үкім шығарылғанын мәлімдеді. Әлімханов пен Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталғандар Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен және Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен әшкереленген болатын. Олар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде бағыныштылардан 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды. Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ-нің жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлескен жұмысы жалғасып жатыр.  

Серіктес жаңалықтары