Мурата Головкиннің «елесінен» шошып жүр

Мурата Головкиннің «елесінен» шошып жүр

Мурата Головкиннің «елесінен» шошып жүр
ашық дереккөзі
50329
Жапониялық боксшы Риота Мурата GGG-мен күтпеген «кездесуі» туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.  Ол «GGG Cafe» (Good Green Garden) деп үлкен әріптермен жазылған кафені кездейсоқ көріп қалған.
«Токусима префектурасынан қайтып келе жатып, Ханэда әуежайында еш себепсіз тоқтап тұрып қалдым» деп жазды Мурата өзі түсірген суреттің астына.
Еске салайық, өткен жылдың сәуір айында Риота Мурата (16-3, 13 КО) Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жұдырықтасып, тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Осы жекпе-жектен кейін жапониялық боксшы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ryota Murata 村田諒太 (@ryota_murata_official)

Серіктес жаңалықтары