Кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап әкеткен әйел қамауға алынды

Кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап әкеткен әйел қамауға алынды

Кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап әкеткен әйел қамауға алынды
ашық дереккөзі
50291
Алматы облысында кішкентай қызды аузы мен қолын байлап, қараусыз ғимаратқа апарған әйел қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.   Облыстық полицияның мәліметі бойынша, 22 шілдеде аудандық соттың шешімімен 1999 жылы туған азамат 2 айға қамауға алынды.
«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған белгілі адамға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.
Бұған дейін көршісінің қызын қараусыз жерге апарған әйелдің видеосы тараған болатын. Кейін оның мұндай әрекетке баруына қыздың ата-анасының ақшалай қарызы себеп болуы мүмкін екені айтылды.

Серіктес жаңалықтары