Шымкент әкімі отставкаға кете ме? – Әкімдік жауап берді

Шымкент әкімі отставкаға кете ме? – Әкімдік жауап берді

Шымкент әкімі отставкаға кете ме? – Әкімдік жауап берді
ашық дереккөзі
50401
Әлеуметтік желіде Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов отставкаға кетеді деген ақпарат тарады. Шымкент қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz. 
«БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпарат жарияланып жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады. Қазір мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов жұмысын жалғастыруда», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметіне 2020 жылдың қаңтар айында тағайындалған. Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың 2 айға қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары