Жарлық: Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

Жарлық: Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

Жарлық: Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді
ашық дереккөзі
50265
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.
«Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген жаңа редакцияда.
Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді. Бұған дейін МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты алынып тасталуы мүмкін екендігі хабарланған еді.  

Серіктес жаңалықтары