Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды
ашық дереккөзі
50259
Мадияр Кембілов футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. Ол бапкерлік мансабын 2005 жылы бастаған. «Ордабасы U-16», «Академия Оңтүстік», «Тұран Ж», «Яссы» сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарды. Қазіргі таңда «БИІК-Шымкент» қыздар командасының ​​бас бапкері қызметін қатар атқарады. Бұған дейін бұл орында ресейлік маман Александр Семенов болған еді. Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша, біздің команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары