Мұхтар Әбіләзовтің ағасы ұсталды

Мұхтар Әбіләзовтің ағасы ұсталды

Мұхтар Әбіләзовтің ағасы ұсталды
ашық дереккөзі
50466
Бас прокуратура Алматы қаласының әуежайында елге өз еркімен оралған Мұхтар Әбіләзовтің сыбайласы әрі ағасы Қуаныш Нұрғазиннің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. 
«Ол – Әбіләзов басқаратын BSC ЖШС-нің номиналды директоры. Әбіләзов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған. Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған. 12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған», – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ прокуратура Қуаныш Нұрғазиннің Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдіргенін мәлімдеді.
«2023 жылғы 24 шілдеде паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотталушының өтініші бойынша, Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 2023 жылғы 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті. Жақын арада негізгі сот талқылауы қайта басталады. Оның жауапкершілігінің көлемін сот айқындайтын болады», – деді Бас прокуратура.
 

Серіктес жаңалықтары