Кішкентай қызды тепкен түрік азаматын қандай жаза күтіп тұр?

Кішкентай қызды тепкен түрік азаматын қандай жаза күтіп тұр?

Кішкентай қызды тепкен түрік азаматын қандай жаза күтіп тұр?
ашық дереккөзі
50417
Алматы облысында сауда орталығында кішкентай қыз баланы теуіп жіберген Түркия азаматы Қазақстаннан шығарылады. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Маған кеше сауда орталығында қыз баланың теуіп құлатылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл жайт «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді. Әрекетті жасаған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Алматы облысы ІІМ ПД-мен байланыстамын. Аталған факт бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін тұлғаны ҚР шекарасынан шығаруға бағытталған сот процесі басталады (жазасын мұнда өтегеннен кейін)» деп жазды Динара Зәкиева Facebook-тегі парақшасында.
Балалар омбудсмені ер адам бұзақылық бабы бойынша жазаға тартылатынын атап өтті. Сонымен қатар қазір заңнамада балаларға қатысты қылмыстың осындай құрамына байланысты бап жоқ екенін айтты. Нәтижесінде тұлға жауапқа «кәмелетке толмағанға қатысты жасалған іс-әрекет» деген ауырлатушы біліктілік белгісі де жоқ «Бұзақылық» бабы бойынша жазаға тартылады.
«Біз қазір ҚР ІІМ-мен бірлесіп, заңнамаға балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты тиісті баптарды енгізумен жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы, түзетулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты әртүрлі саламен байланысты. Заңнамаға ұсыныстар пакетін ҚР Парламентіне осы күзде беруді жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Айта кетейік, оқиға 24 шілде күні сауда орталықтарының бірінде болған.

Серіктес жаңалықтары