Рұқсат берілді: Данияда радикалды топ тағы Құранды өртеді

Рұқсат берілді: Данияда радикалды топ тағы Құранды өртеді

Рұқсат берілді: Данияда радикалды топ тағы Құранды өртеді
ашық дереккөзі
50372
«Даниялық патриоттар» радикалды тобының белсенділері Копенгагенде Мысыр мен Түркия елшіліктерінің алдында Құранды өртеді, деп хабарлады turkystan.kz. TRT world басылымының мәліметінше, Дания мен Швеция билігі қасиетті кітаптың өртенгеніне өкінетінін, бірақ сөз бостандығын қорғайтын ережелерге сәйкес оның алдын ала алмайтынын жеткізген. Ирак Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні Еуропалық Одақ билігін соңғы оқиғаларға байланысты «сөз бостандығы мен демонстрациялар өткізу құқығын» тез арада қайта қарауға шақырды. Сонымен бірге, дүйсенбі күні Түркия мұны Құранға жасалған «сорақы шабуыл» деп атап, қатаң айыптайтынын айтты. Сонымен қатар Данияны исламға қарсы қылмыстың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырды.
Копенгаген университетінің заң профессоры Трин Баумбах Дания заңдарын түсіндіре отырып, «Адамдар демонстрация өткізген кезде сөз бостандығын арттырудың пайдасын көреді. Бұл жай ғана сөзбен білдіру емес. Адамдар жанып тұрған заттар сияқты өз ойын әртүрлі тәсілмен көрсете алады», - деді.
Швеция полициясы 11 шілде күні Стокгольмдегі Ирак елшілігінің жанында Құран өртеп, шеру өткізуге рұқсат берді. Осыдан кейін жүздеген демонстрант бейсенбі күні таңертең Бағдадтағы Швеция елшілігіне басып кіріп, оны өртеп жіберді. Елшілік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Демонстрация Швецияда күтілетін акция қарсаңында ұйымдастырылған. Сол күні БҰҰ Құран мен басқа да қасиетті кітаптарды өртеу туралы қарар қабылдағаны белгілі болды. 20 шілдеде Бағдадта Швеция елшілігі ғимаратының жанында жаппай наразылық шерулері басталды. Оған Құран өртеу мен митинг өткізуге полицияның рұқсат бергені себеп болған. Осыдан кейін Бағдад Швеция елшісін Ирактан шығару және елдің Стокгольмдегі уақытша сенімді өкілін кері шақырту туралы шешім қабылдады. 23 шілдеде Данияда Ирак елшілігінің жанында Құран өртеу акциясы өтті.                  

Серіктес жаңалықтары