57 мың қол жиналды: Алматы әкімі отставкаға кете ме?

57 мың қол жиналды: Алматы әкімі отставкаға кете ме?

57 мың қол жиналды: Алматы әкімі отставкаға кете ме?
ашық дереккөзі
50261
Алатау өңіріндегі әкіммен кездесуде қала тұрғындарының бірі Ерболат Досаевқа отставкаға кетуі туралы сауал қойды, деп хабарлады turkystan.kz. Әкімге сұрақ қойған тұрғын қала басшысының отставкаға кетуін талап етіп, 57 мың адам қол қойғанын айта келіп, «Неге солардың үніне құлақ асып, орныңызды босатпасқа?» деді. Досаев бұл сұраққа «Алматыда 2 миллионнан астам адам тұрады» деп жауап берді. Әкімнің айтуынша, петицияға қол қойғандар арасында тегін де, ЖСН-ін де көрсетпегендер бар.
 «57 мыңның ішінде кім тірі, кім тірі емес... Бот фермалары жақсы жұмыс істеп жатқан шығар. Өйткені петиция ішінде ЖСН, тегі жоқ адамдар бар. Қандай сұрақтар көтеріліп жатыр, қарап шықтым. Жалғыз уәде емес, істеліп жатқан жұмыстар да бар. Осы жерге келіп отырған тұрғындардың айтылмаған сұрақтары бар. Бірақ қала – тірі механизм, күн сайын бірдеңе болып тұрады. Әкім ретінде сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды шығар. Мені бұл қызметке Мемлекет басшысы тағайындады, шешімді өзі қабылдайды», - деді әкім.  

Серіктес жаңалықтары