Белгілі комментатор «Астана» командасының жеңілгеніне не себеп болғанын айтты

Белгілі комментатор «Астана» командасының жеңілгеніне не себеп болғанын айтты

Белгілі комментатор «Астана» командасының жеңілгеніне не себеп болғанын айтты
ашық дереккөзі
50192
Астана клубы конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде польшаның Ракув командасынан сырт алаңда 0-5 есебімен жеңілді. Белгілі комментатор Ермұхамед Мәулен Ala Dop YouTube арнасында команданың жеңілуіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Спорт комментаторының айтуынша, 35 күн бұрын жеребе тарту рәсімі болған. Ракув футбол клубы Ченстохова қаласында ойнайтынын білген. Бірақ «Астана» матч басталуға 4 сағат қалған кезде барған.
«11 ойыншы бір күн бұрын ұшса, қалғандары ойын күні барды. Ұтылмағанда несі қалады? Бұл да бір фактор...», - деді ол.
Ермұхамед Мәулен Астана командасының жеңілісіне бас бапкер мен сәтсіз жасалған трансферлердің тікелей қатысы барын да атап өтті. «Бапкер мәселесіне келсек. Ойын жоқ па, сол күйі жоқ. Благоевич мырза (Срджан Благоевич - ред) жоғары прессинг, керемет ойнаймыз дейді. Бірақ кешегі ойыны қайда қалды? Брайан (Брайан Сильва - ред) бұл сәтсіз трансфер. Бразилиялық қорғаушы ешқандай нәтижесі жоқ. Пасы да, алға шабуылға ұмтылысы да жоқ, қорғаныста да керемет ойнамайды. Оның орнында кез келген қазақстандық ойынша сол қапталда ойнайтын еді», - дейді комментатор. Ол Астана командасының спорттық базасы жеткілікті деңгейде дамымағанын, бірнеше жыл жоғары деңгейде өнер көрсетсе де өзінің футбол үйі жоқ екенін айтты. «Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде өнер көрсеткені үшін 17-18 млн еуро қаржы тапты. Осындай қаржысы болған команданың балансында 3 автобус бар. Бірі істемей қалса, біреуін Yokahama компаниясы сыйлаған және кішігірім  HiAce бар. Қазақстанның намысын қорғап, чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған командада өзінің кеңсесі, кішкентай балалар жаттығатын жері, медециналық орталығы, базасы жоқ. Академия туралы айтпай-ақ қояйын. Академия арман Астана ФК үшін. Астана Бизнес орталығында кеңсені жалдайды...
Осыншама жыл қызмет етіп келе жатқан команда неге Астана қаласынан екі ғимаратты кеңсе сала алмады?..  Шет елдің көп командалары стадионның бір бұрышында тұрады. Өздеріне ғимарат салып алады. Қазір Астана ФК жекеменшік үйі жоқ, шаңырағы жоқ, баспанасы жоқ. Әркімнің есігінің алдын сығалап жүргені...», - деді Ермұхамед Мәулен.
https://www.youtube.com/watch?v=-bbmQuv4Qvk&ab_channel=AlaDop  

Серіктес жаңалықтары