Нұрбақыт Теңізбаев Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды

Нұрбақыт Теңізбаев Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды

Нұрбақыт Теңізбаев Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
51614
Нұрбақыт Теңізбаев Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жаңалықпен журналист Диас Нұрақын бөлісті.
«Бейжің Олимпиадасында күміс алған балуан енді саясат сахнасында бақ сынап көрмекші. Жеке таныстығым жоқ. Жұмысына баға бере алмаймын. Туған жерді гүл қылса, бәрекелді, күл қылса, неге келді дейміз. Бәрі уақыт еншісінде. Ертең Қарқара жайлауында өтетін Қымыз фестивалінде әкім ретінде қонақ күтіп, алғашқы жұмыс күнін той-томалақпен бастамақшы» деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев - қазақстандық грек-рим күресі балуаны. 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылында туған. 2008 жылғы Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2003 жылғы Стамбұлда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы.

Серіктес жаңалықтары