Шетелдік басылым жеңілмеген боксшыны нокаутқа түсірген қазақ туралы жазды

Шетелдік басылым жеңілмеген боксшыны нокаутқа түсірген қазақ туралы жазды

Шетелдік басылым жеңілмеген боксшыны нокаутқа түсірген қазақ туралы жазды
ашық дереккөзі
50367
Филиппиндік Philboxing.com сайты өткен аптадағы әлемдік бокс оқиғаларына шолу жасап, екінші жеңіл салмақтағы Қазақстан өкілі Сұлтан Заурбектің бұрын жеңіліп көрмеген испаниялық Джон Картерді жеңгенін назардан тыс қалдырмады, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz басылымына сілтеме жасап. Шілденің 21-інен 22-сіне қараған түні Эдинбургте (Шотландия) өткен жекпе-жекте Сұлтан Картерді үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
«Қазақтың солақай балуаны Заурбек жеңілмеген Картер үшін тым жоғары дәрежелі болды. Заурбек алғашқы екі раундта жылдамдықты бірте-бірте арттырып, үшінші раундта іске кірісті. Сол қолмен тиген соққы Картердің оң көзінің үстіне тиіп, жарақаттады. Картерді апперкутпен тайдырғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл – Заурбектің он бірінші мерзімінен бұрынғы жеңісі» деп жазылған мақалада.
 

Серіктес жаңалықтары