«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды

«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды

«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды
ашық дереккөзі
50536
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтарованы экстрадициялады, деп хабарлады turkystan.kz. Агенттіктің мәліметінше, ол «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С.Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Осы жылдың 27 шілдесінде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласы әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі» деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары