«Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалының директоры ұсталды

«Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалының директоры ұсталды

«Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалының директоры ұсталды
ашық дереккөзі
50328
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Абай облыстық филиалының директоры ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген ресми хабарламада.
 width=

Серіктес жаңалықтары