Сұлтан Заурбек Қазақстанның үздік 10 боксшысының тізіміне енді

Сұлтан Заурбек Қазақстанның үздік 10 боксшысының тізіміне енді

Сұлтан Заурбек Қазақстанның үздік 10 боксшысының тізіміне енді
ашық дереккөзі
50580
Boxrec.com сайтындағы Қазақстанның үздік боксшыларының рейтингі шілде айында айтарлықтай өзгерген жоқ, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстандықтар арасында бұрынғысынша Геннадий Головкин көш бастап тұр. Сондай-ақ үздік бестікте Мейірім Нұрсұлтанов, Сергей Липинец, Жәнібек Әлімханұлы және Бекман Сойлыбаев бар. Таяудағы жеңісінен кейін Сұлтан Заурбек ең үздік отандық спортшылардың ондығына енді – қазір ол тоғызыншы орында. Евгений Павлов рейтингтің оныншы сатысына төмендеді. Ал Батыр Жүкембаев үздік ондықтан шығып қалды. BoxRec нұсқасы бойынша шілдедегі үздік 10 қазақстандық боксшы:
  1. Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)
  2. Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО)
  3. Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО)
  4. Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО)
  5. Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО)
  6. Али Ахмедов (19-1, 14 КО)
  7. Руслан Мәдиев (15-2, 6 КО)
  8. Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО)
  9. Сұлтан Заурбек (15-0, 11 КО)
  10. Евгений Павлов (10-0, 8 КО).
 

Серіктес жаңалықтары