Елімізге Ауғанстаннан арнайы делегация келді

Елімізге Ауғанстаннан арнайы делегация келді

Елімізге Ауғанстаннан арнайы делегация келді
ашық дереккөзі
50379
Ауғанстаннан Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын делегация келді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ауғанстаннан келген делегацияны күтіп алдық. 200-ден астам адам» деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.
Оның айтуынша, жақында B2B келіссөздері, бизнес-форум, ауған тауарларының көрмесі сияқты ауқымды шаралар өтеді.
«Ауғанстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды, ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуетіміз бар» деп жазды ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары