Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
ашық дереккөзі
50359
Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлады turkystan.kz. Прокурор, сонымен қатар, сотталушыға тиесілі Алакөл жағасындағы үйді тәркілеп, 16 млн теңгені қайтаруды талап етті, деп жазды Inbusiness.kz. Фемида қызметшілері айыпталушы мемлекеттен 423 миллион теңгеден астам ақша жымқырған деп есептейді. Сондай-ақ прокурор сотталушыны мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыруды және екінші дәрежелі «Айбын» орденімен бірге полиция генерал-майоры шенін алуды сұрады. Сотталушының өзі кінәсін мойындаған жоқ. Ол өз ісіне қызығушылық артуы тек ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен туыстық байланысына қатысты деп санайды. Еске салайық, Нұрлан Мәсімов Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған. Кейін ол жалған құжатпен Ресеймен шекарадан өтпек болған кезде ұсталған болатын.
«Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, соттан Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366, 189 және 392-баптарында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тануын сұраймын», - деді Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық сотының прокуроры Азамат Ғарифолла.

Серіктес жаңалықтары