Әлия ЖОЛДАСБЕКОВА: Жүрек ауруына шалдығатын науқастар жасарып барады

Әлия ЖОЛДАСБЕКОВА: Жүрек ауруына шалдығатын науқастар жасарып барады

Әлия ЖОЛДАСБЕКОВА: Жүрек ауруына шалдығатын науқастар жасарып барады
ашық дереккөзі
1198

Жүрек – адам ағзасында басты қызмет атқаратын мүше. Адам өміріне қауіп төндіретін жүрек қантамырлары ауруларымен күресте кардиолог дәрігерлерінің еңбегі ерен. Осы ретте жоғары са­нат­ты дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, 33 жыл еңбек тә­жірибесі бар кардиолог Әлия Жолдасбековамен жүрек аурулары тура­лы әңгімелескен болатынбыз. – Сіздерге келетін науқастар кар­дио­ло­гилық аурулардың қандай түрлеріне ша­ғымданады? – Қазақстан Республикасы Президен­ті­нің Іс басқармасы Медициналық oрта­лы­ғының ауруханасына науқастар қан қы­сы­мы, жүректің ишемиялық ауруы, миокард ин­фарктісі, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұ­зылуы сияқты шағымдарымен келеді. Сон­дай-ақ кардиомиопатия диагнозымен келіп тү­сетін науқас та көп. Соңғы жылдары қант диа­бетінің фонында жүректің ұсақ коро­нар­лы тамырлары зақымданған жағдайлар да жиі­леп барады. Біздің орталық келген науқастың жүре­гіне толық скрининг жасайды. Егер жүректің коронарлық тамырлары тарылған болса, диаг­ностикалық және емдеу тәсілдерімен жү­рек қантамырларына стенд қоямыз. Егер жү­ректе көп тамыр зақымданса, кардио­хи­рург­пен ақылдасып, аорта-коронарлы шунт­тау жасауға жібереміз. Яғни, білікті дә­рі­гер­лерден жиналған мультидисциплинарлық ко­манда әр науқастың жүрегін жіті тексеріп, қан­дай асқынулар болуы мүмкін және оның ал­дын алуда не істеу керегіне талдау жасап, кардиохирургиялық операцияға дайын­дай­ды. – Кардиология бөлімшесіне келіп түс­кен науқастардың орта жасы қанша? – Өкінішке қарай, жүрек ауруына шал­дығатын науқастар жасарып барады. Бұрын­дары жүрек қантамырлар дертімен ауыра­тын­дар­дың орта жасы 50-ден асқан болса, қазір 40-45 жас. Ал дәл қазір нау­қас­тар­дың тізі­мін ашып қарасам, ең жасы 33-те екен. Ол бізге жоғары қан қысымымен түс­кен. Қазір қажетті ем-шаралар жасалып жа­тыр. Ал инфаркт алғандардың орташа жа­сы – 37-48 жас аралығы. – Белең алған инфаркт ауруының бел­­гілері қандай және қалай алғашқы кө­мек көрсетуге болады? – Инфаркт бірден болатын жағ­дай емес, оған алып келетін түрлі жайлар бар. Мысалы, коронарлық тамырлар зақым­дан­ған болса, жүрек соғысының жиілігі ар­тып, қарын­ша­лар қанға толып үлгермейді жә­не жүрекке қа­жетті оттегі жетіспейді. Осы кез­де нау­қас­тың холестерин деңгейін анық­тау керек. Себебі инфаркт пен инсульттің себепшісі – атеросклеротикалық түйіндер. Ол кез келген уақытта жарылуы мүмкін. Жа­рылған жағ­дайда тромб пайда болады. Ол инфарктке алып келеді. Егер адамның кеуде тұсы ауырса, тез жүр­ген кезде деміксе, тез шаршаса, өзін жай­сыз сезінсе, бұл инфаркт белгілері. Мұндай жағ­дайда міндетті түрде кардиологқа қаралу керек. Эхокардиография, электрокар­диог­рам­ма сияқты талдаулар жүректегі өзгеріс­терді нақты көрсете алмайды. Ол үшін скри­нинг ретінде жүректің коронарлық та­мырларына мультиспиральді компью­терлік томография жасатып, коронарлық тамырлардың кальцийлік индексін анықтау керек. Егер кальцийлік скриниг 100 бірліктен жоғары болса, бұл коронарлық тамырлардың зақымданғанын көрсетеді. Ол науқасты міндетті түрде жан-жақты тексеріп, инфарк­тінің алдын алатын емдеу шараларын қол­дану қажет. Кей дәрігерлер жоғарыда аталған белгілерді остеохондроз немесе өңеш ауруы деп шатасады. Сондықтан ең бірінші, мұның кар­диологиялық ауру белгісі емес екеніне көз жеткізіп алған жөн. Инфарктінің басты белгісі, жүрек қан­жар сұғылғандай қатты ауырады. Ауа жет­пей, қан қысымы төмендеуі немесе көтерілуі және демікпе болуы мүмкін. Мұндайда біздің науқастар қалтасында әрдайым изокет, нитрог­лицерин сияқты дәрі-дәрмегін алып жүреді. Ауырсыну байқалғанда тілдің астына қойса, тамырларды кеңейтетін әсер береді. Артынша бірден жедел жәрдем шақыру керек. – Жүрек ауруларына әкелетін себеп­тер қандай? – Бұл, ең бірінші, тұқымқуалаушылықтан болуы мүмкін. Ата-анасы 60 жасқа дейін ин­фаркт немесе инсультке шалдыққандар өзде­рінің коронарлы немесе ми қантамыр­лары­ның зақымдануға «бейімділігін» байқау ке­рек. Бірақ белсенді физикалық қозғалыс пен салауатты өмір салтын ұстану арқылы оның алдын алуға болады Екіншіден, артық салмақ, темекі мен ішім­дік, сондай-ақ күйзеліс те жүрек қан­тамыр­ларының жұмысын нашарлатады. Та­ғам мен сусындардың құрамына да мән бер­ген жөн. Адам ағзасына зиянды өнімдер мик­роайналым арнасын бұзады. Үшіншіден, қант диабеті, метаболикалық синдром жүрек ақауларына әкеліп соғуы мүмкін. – Жүректің саулығын сақтауға қан­дай кеңес бересіз? – Ең бірінші кезекте спорттық жүріспен кү­ніне кем дегенде 5-7 мың қадам жаяу жүру керек. Себебі жүректе коро­нар­лы тамыр­лар­дан бөлек, жанама тамыр­лар қан айналымы жұ­мыс істейді. Ол жас ағзада ұйықтап жат­қа­нымен, біз көп жүрген сайын колла­те­ра­ль­д­ы желіні шынықтыра түсеміз. Егер негізгі тамырға соққы түссе, коллатеральды желі іс­ке қосылып, зақым­дан­ған аймаққа қан жі­береді. Инфарктіні «аяқ­тан өткізгендердің» түп­кі себебі осыдан. Та­нымал ғалым, кар­дио­лог Николай Амо­совтың «Әр адам өзінің ин­фарктінен қашып кетуі керек» деген сөзі бар. Ол үшін жаяу жүруді тоқтатпау керек. Темекі – жүректің бірінші жауы. Келесі ке­­зек­те темекіні тастауға кеңес беремін. Өйт­кені ондағы никотин микроайналым ар­на­сындағы майда тамырларды зақымдап, жүректің тарылуына әкеліп соғады. – Көпшілік сүйіп қолданатын қор­қор­дың (кальян) жүрекке зияны бар ма? – Қорқордың темекіден еш айырмашы­лы­ғы жоқ. Ол да жүректің майда қантамыр­ларын бітеумен қатар, сондай-ақ туберкулез сияқты түрлі инфекциялық ауруларды жұқ­тыруға дейін алып келеді. – Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ұлжан ШОРАЕВА

Серіктес жаңалықтары