Депутаттық сауалдан кейін корпорация қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға көбейді

Депутаттық сауалдан кейін корпорация қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға көбейді

Депутаттық сауалдан кейін корпорация қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға көбейді
ашық дереккөзі
50418
Депутаттық сауалдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға көбейді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жаңалықпен Парламент Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты Данабек Исабеков бөлісті.
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация қызметкерлерінен жақсы сүйінші хабар естіп, қуанып жазып отырмын. Жалақылары дүйсенбіден бастап 50% пайызға көтеріліп түсіпті. Барлығы қуанып, рахметтерін айтып жазып жатыр, жалпы, менің бірінші депутаттық сауалымның нәтижесі оң шешімін тапқанына өте қуаныштымын» деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары