Бетперде киген азамат бес балалы әкеге үй мен көлік сыйлады (ВИДЕО)

Бетперде киген азамат бес балалы әкеге үй мен көлік сыйлады (ВИДЕО)

Бетперде киген азамат бес балалы әкеге үй мен көлік сыйлады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50701
Бетперде киген жігіт бес баласы бар мүгедек әкеге көлік пен үй алып берді, деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желілерде «Chelovekvmaskee» деген атпен танылған қазақстандық бес баланы асырап отырған мүгедек әкеге көлік пен пәтер сыйлады. Бес баланың әкесі Арман Шымкентте тұрады. Кіші баласы туа бітті жүректің ауыр дертіне шалдыққан. Өзі бірнеше жыл бұрын көлік апатынан екінші топтағы мүгедек болып қалған. Арман отбасымен бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. Онымен қоса, көлікті де жалға алып, такси болып қызмет етіп жүрген. Бетпердедегі жігіт бес баласы бар әке туралы еріктілерден естіген. Екі апта уақыт бұрын жолығып, баланың емі үшін жиналған қаржыны табыстаған видеоны әлеуметтік желіге жүктеген еді. Кеше «Chelovekvmaskee» Арманға пәтер мен көлік табыстаған видеоны жариялады. Бетпердедегі жігіт бұған дейін де қайырымды ісі арқылы желі қолданушыларының ықыласына ие болған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Серіктес жаңалықтары