Алматы облысында төбелестен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

Алматы облысында төбелестен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

Алматы облысында төбелестен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
ашық дереккөзі
50272
Алматы облысында төбелестен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz. Полиция 5 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлім белгілері бар 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылғанын мәлім етті.
«Жасөспірімге мылтықпен оқ атып, қаза болғаны анықталды. Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті УҰИ-на қамалды, бұл факт ҚР ҚК 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі, 14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Түнгі сағат 12-де жастар арасында төбелес болып, қатысушылардың бірі атыс жарақатын алып, қайтыс болғаны анықталды. Облыс ПД бастығының айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Басқа қатысушыларға қатысты ҚР ҚК 293 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұзақылық», - деп нақтылады Әленов.

Серіктес жаңалықтары