2369
Токио Олимпиадасың медальдары ескі смартфондардан жасалмақ
Токио Олимпиадасың медальдары ескі смартфондардан жасалмақ
Жапондар 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада мен паралимпидиялық ойындардың медальдарын ескі ұялы телефондардан жасамақ деп хабарлайды 24.kz.
Бұл мақсатта жергілікті билік қажетті мөлшерде мобильдік телефондар мен шағын электрондық құрылғылар жинауы керек. Қазір смартфондарды қабылдау үшін дүкендерге екі мыңнан аса девайс орнатылды. Бұған оң көзқарас білдірген 100-ден артық жапондық ескі гаджеттерін тапсырды. Бұл істі қолға алғандар 8 мың тонна металл жинап, оны алтын, күміс, қола медаль жасауға қолданбақ. Смартфондар мен планшеттерде жасағанда өндірушілер, алтын, күміс, платина сияқты қымбат бағалы металл түрлерін пайдаланатыны белгiлi.
Хироки Ямашита, жергілікті тұрғын:
- Мен хабарламаны ести сала, телефонымды өткізуге арнайы келдім. Бұны игі бастама деп қабылдадым. Олимпиадаға өз үлесімді қосуды азаматтық парызым санаймын. Және оған мақтанамын. Токиода Олимпида ойындарына қатысып, жанкүйер болғанға не жетсін. Біз сондай бақытқа ие болмақпыз. Юрико Коикэ,
Токио губернаторы:
- Ғаламшардың қоры шектеулі ғой. Біз қоршаған орта мен оның жерасты байлығын үнемдеуіміз керек. Оны өндіруге қаншама күш жұмсалады. Оның үстіне халқымыз әрқайсының Олимпидаға қатысын барын сезінсе екен дейміз. Әрине, телефондардың медальға айналатынын қызық жайт. Жапондықтар оған түсіністікпен қарады деген сенімдеміз.