Ab-initio-ның 5 кадеті «Эйр Астана» командирі атанды

Ab-initio-ның 5 кадеті «Эйр Астана» командирі атанды

Ab-initio-ның 5 кадеті  «Эйр Астана» командирі атанды
ашық дереккөзі
285
Ab-initio ұшқыштарды алғашқы даярлау бағдарламасының бесінші кадеті Роман Сүлейманов алты жыл бойы ұшуға машықтанған соң Airbus А320 әуе кемесінің командирі лауазымына көтерілді. Бұған дейін Талғат Ахметов, Виктор Чугай, Бердыхан Агмуров, Тимур Тұрғамбаев командир лауазымына көтерілген еді. Олардың бәрі «Эйр Астана» әуекомпаниясы бастамашы болған және 2009 жылдан бері қаржыландырып келе жатқан Ab-initio жобасы бойынша білім алған. Бағдарлама жұмысын бастағаннан бері компания оған 24 миллион АҚШ долларына жуық қаржы бөлді. Қазір 14 адам жоба бойынша білім алып жатыр, 18 ақпаннан бастап Ab-initio бағдарламасының 4 студенті Ирландияның Корк қаласындағы AFTA, Atlantic Flight Training Academy ұшу мектебіне бір жарым жылға оқуға аттанады. 2017 жылы екі топты АFTA мектебінде, тағы екі топты Испанияның Херес қаласындағы FTE мектебінде оқыту жоспарда бар. Аb-initio бағдарламасын, жалпы алғанда, 183 адам табысты аяқтады, олардың 168-і Boeing, Airbus және Embraer әуе кемелерімен ұшып жүр. Оқу құны 100 мың АҚШ долларына тең, әуекомпания оқудың алдын ала төлемін 100% көлемінде жасайды, кадет әуекомпаниядағы еңбек жолында соның жартысын ғана өтеуі тиіс. Бағдарламаға жасы 18 бен 34 аралығындағы, ағылшын тілін меңгерген және физика мен математика саласында білімі бар ҚР азаматтары қатыса алады. Қатысушыларды тұрақты түрде іріктеліп отырады. Толық мәліметті airastana.com сайтынан алуға болады.  

Серіктес жаңалықтары