Трамп: Елге адам кіргізбеуге құқым бар

Трамп: Елге адам кіргізбеуге құқым бар

Трамп: Елге адам кіргізбеуге құқым бар
ашық дереккөзі
345
АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, егер елге адам кіргізу - мемлекет мүддесіне қайшы келсе, президенттің оларды жібермеуге құқығы бар. Бұл туралы ол Флоридада мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Егер президент адамдарды елге кіргізу - мемлекет үшін қауіпті екендігін сезген болса, оларды жібермеуге құқығы бар», - деп атап өтті Трамп. Ол бұл сөзімен босқындар мен жеті елдің мұсылман азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу туралы бұйрығы  екенін түсіндірді. АҚШ президентінің сөзін CBS News трансляциялағанын айта кетейік.  

Серіктес жаңалықтары